ҚАЛДЫҚТЫ НЫҒЫЗДАУҒА АРНАЛҒАН
ПРЕССТЕР
Orwak құрылғысы қатты қалдықтарды нығыздау және орау саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Біз - қалдықтарды сұрыптауға және қалдықтардан пайда табуға мүмкіндік беретін пресстеу және брикеттеу жүйелерінің инновациялық ассортиментін ұсынамыз. Бұл бизнестің тиімділігін арттырады және жұмыс пен қоршаған ортаны таза ұстайды, сондай-ақ қалдықтарды жоюға кететін шығындарды азайтады. Бұдан бөлек, одан пайда табуға да болады. Біздің мамандар сіздің бизнесіңіз үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Олар жабдықты іске қосуды және қызмет көрсетуді, сондай - ақ жөндеуді жүзеге асырады.
Orwak Compact
Қатты қағаздарды нығыздайтын бұл құрылғыны кез келген жерге орналастыруға болады. Өйткені, оның пішіні шағын келеді. Құрылғы кішігірім бума жасап шығарады және алдыңғы жүктеуіші өте ыңғайлы болып келеді.
ORWAK 3220
3220 – Картон мен пластмассаны нығыздайтын бұл құрылғының көлемі ықшамды. Құрылғының дизайны ерекше болады және тасымалдау мен орнату жағы өте қарапайым.
Orwak Power
Алдыңғы жүктеуіші бар бұл құрылғы заманауи функциялармен жабдықталған. Ол үлкен көлемдегі қалдықтарды нығыздайды және жоғары нығыздағыш қасиетке ие. Ол бумаларды өте қатты және сапалы тығыздайды.
ORWAK 3500
Біздің ең үлкен вертикалды тұратын пресс. Ол кез-келген бизнес үшін өте ыңғайлы, сенімді әрі қуатты ауыр жүк машинасы! Тығыздау күші - 50 тонна, буманың салмағы 500 келіге дейін.
Orwak Multi
Екі камералы жоғары жүктемелі пресс. Ол әртүрлі қалдықтарды сұрыптауға және тығыздауға арналған. Камералардың санын көбейтуге болады.
Orwak Flex
Әр түрлі типтегі қалдықтарды тығыздауға арналған пресстердің түрлері. Бұл пакетке немесе контейнерге тығыздауға арналған жоғарғы жүктемелі баспақтар. Сондай-ақ, арасында қауіпті қалдықтарға арналған престер бар.
Brickman БРИКЕТТЕУ ПРЕСТЕРІ
Бұл өнімдердің тобына үлкен көлемдегі қалдықтарды шағындауға арналған толық автоматтандырылған престер кіреді. Қалдықтарды престеу кезінде жүктеуге болады, ал алынған брикеттер байлауды қажет етпейді.
ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ПРЕСТЕР 1540-1550-1560
40-60 тонна тығыздау күші бар және буманы қолмен байлау мүмкіндігіне ие жабық типті көлденең престер.
Orwak Horizontal
Автоматты байлау жүйелерінің әртүрлі нұсқалары бар толық автоматтандырылған престер. Көлденең баспақтар қалдықтарды орталықтандырылған өңдеуге арналған.
TOM АВТОМАТТЫ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ
TOM кәдімгі қоқыс жәшігімен бірдей, бірақ қалдықтарды тығыздайды және көлемнен жеті есе көп сыйдыра алады. Дүкендер, сауда орталықтары, тамақтану кәсіпорындары үшін тамаша шешім.
ORWAK CONNECT
Жалпы сервермен байланысты нығыздау күйін бақылау жүйесі. Жүйе толтыру деңгейі, техникалық қызмет көрсету қажеттілігі және жабдықтың басқа параметрлері туралы хабарлайды.
ШЫҒЫН МАТЕРИАЛДАРЫ
Біз жабдықтың талаптарына, беріктігі мен сенімділігіне сәйкес таңдалған және сыналған шығын материалдарын жеткіземіз.
